Жамбыл облысында инвесторға қатысты заңсыз тексеру тоқтатылды

367

Іс жүргізу тәртібіндегі олқылықтар нәтижесінде қабылданған шешімдер кері қайтарылды.  

Жамбыл облысында инвесторға қатысты заңсыз тексеру тоқтатылды Фото: finversia.ru

Жамбыл облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, инвесторлар тізіліміне енгізілген субъектінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, уәкілетті органның прокуратурамен келісусіз "KorCem" ЖШС-нің көші-қон заңнамасының сақталуына қатысты тексеру жүргізгені белгілі болды.

Айта кету керек, "прокурорлық сүзгі" тетігіне сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері инвесторларға қатысты шектеу шараларын қолдануға байланысты барлық шешімдерді, соның ішінде тексерулер тағайындау, әкімшілік іс жүргізуді қозғау және сотқа талап қою мәселелерін прокуратурамен келісуге міндетті.

Тексеру нәтижесінде инвестордың шетел азаматын еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Алайда прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған тексеру заңсыз деп танылып, әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды.

Қазіргі уақытта кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды +7 (775) 891-25-52 телефоны немесе 115 call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу