Жамбыл облысында ірі кен өндіруші компания салықтан жалтарған

90

Кәсіпорын салық міндеттемелерін әдейі төмен көрсеткен.  

Жамбыл облысында ірі кен өндіруші компания салықтан жалтарған Фото: freepik.com

Жамбыл облысында пайдалы қазбаларды өндіретін ірі кәсіпорындардың бірінен салық төлеуден жалтару дерегі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлар ірі салық төлеушілердің қызметін талдау барысында компанияның салық міндеттемелерін әдейі төмендеткенін анықтаған. Кәсіпорын бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз ұлғайтып, оларды салықтық шегерім ретінде көрсеткен.

Сонымен қатар компанияның жылдық табысы шығарылған облигациялардың жалпы құнынан төмен болған. Бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару белгілерін көрсеткен.

Жамбыл облысының прокуратурасы ұсынуымен салықтық тексеру жүргізіліп, заңбұзушылықтар толық расталды.

Нәтижесінде бюджетке 1,1 млрд теңге өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу