Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

474

Кәсіпорында жылына 500 мың тонна кен өндіру жоспарланып отыр.  

Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жалпы инвестиция көлемі – 47 млрд теңге, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданындағы "Шоқпар-Гагаринское" ЖШС тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастау рәсіміне қатысты.

Бастаманы отандық инвестор жүзеге асыруда. Бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу саласына инвестиция тарту және ірі, орта, шағын инвесторлармен өзара тығыз байланыс орнату жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделген.

Биыл 10 млрд теңге көлеміндегі қаржы есебінен қызметкерлерге арналған жатақхана мен зауыттың құрылысы басталады. Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылады. Комбинат толық іске қосылғаннан кейін 400-ден 500-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті әкімдік тарапынан 1 101 гектар жер телімі бөлініп, уақытша 44 шақырым электр желісі тартылды.

"Шоқпар-Гагаринское" ЖШС директоры Семён Хан өндіріс ошағында кез келген полиметалл кенін өңдеуге қабілетті бірегей технология қолданылатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу