Жамбыл облысында ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде каннабис тобына жататын есірткі заттарын өткізуімен айналысқан 4 тұрғыннан тұратын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту барысында 100 келіден астам кептірілген марихуана, 2 келіден астам гашиш және каннабис шайыры тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Қазіргі уақытта ұсталған тұлға-ларға қатысты есірткі заттарын өткізу бойынша қосымша 7 факт анықталуда, сондай-ақ есірткі жеткізу арналарының басқа өңірлерге бағытталған жолдары белгіленуде.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.