Жамбыл облысында көлік терезесін күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды

155

Көліктің терезелеріндегі жабынды алынып тасталды.

Жамбыл облысында көлік терезесін күңгірттеген жүргізуші жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Заң талаптарына сәйкес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көліктің техникалық жай-күйіне қатысты талаптардың сақталуын бақылауды жалғастырып жатыр.

Патрульдеу барысында Төле би көшесінде полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, оның алдыңғы терезелерінің жарық өткізгіштігі талапқа сай келмейтінін анықтады. Тексеру барысында көлікті пайдалануға тыйым салынғаннан кейін оның белгіленген тәртіппен қайта тіркелмегені де анықталды.

Жалпы жыл басынан бері көлік құралдарының әйнектерін заңсыз күңгірттегені үшін 14 056 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу