Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушылар, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілерінен жүйелі түрде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Операция 23 қыркүйекте Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және прокуратурамен бірлесіп жүргізілген.
Күдіктілердің әрекетін құжаттау барысында 27 тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемдегі ақша және автокөліктер тәркіленді.
Қазір тергеу бір топ адам жасаған бопсалау фактісі бойынша жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, күдіктілердің әрқайсысының рөлін және ықтимал қосымша эпизодтарды анықтап жатыр.