Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шықты

376

50-ден аса адам эвакуацияланды

Жамбыл облысында көпқабатты үйден өрт шықты Фото: gov.kz

Оқиға бүгін, 24 шілдеде сағат 12.23-те Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы ТЖД күштері баспалдақ арқылы 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады, 2 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтары тұрғын үй тұрғындарына симтомикалық және психологиялық көмек көрсетті", делінген хабарлмада.

Өрт сағат 12.44-те оқшауланып, сағат 12.47-де сөндірілді.

Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 33 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу