Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 15 көлікті шығарды

132

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты автожолдарда авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жамбыл облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 15 көлікті шығарды Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, Талас ауданындағы "Тараз – Қаратау" автожолында жолдың жүру бөлігінде тұрып қалған 10 жеңіл автокөлік құтқарушылардың күшімен қауіпсіз учаскелерге сүйретіліп шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар Жуалы ауданында "Тараз – Шымкент" автожолының Шақпақ ата ауылы маңында қар құрсауында қалған тағы екі жеңіл автокөлік жолдың жүру бөлігіне шығарылды.

Бұдан бөлек, осы аудандағы басқа учаскеде қарға батып қалған 3 автокөлік сүйрету арқанының көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді.

Жалпы құтқарушылар 9 азаматқа көмек көрсетті. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді ауа райы жағдайларын ескеріп, жолда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу