Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынады

879

Қазақстан мен Ресей минералды тыңайтқыштар шығару жобасын жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.

Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынады

Қазақстан мен Ресей Жамбыл облысында минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу және оны пайдалану бойынша "ЕуроХим" минералдық-химиялық компаниясы" жобасын іске асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп хабарлады "KazakhInvest" баспасөз қызметі.

Жоба Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау фосфор бассейнінің кен орындарын игеруді және минералдық тыңайтқыштар шығаратын жаңа зауыт салуды көздейді. Жобаның жалпы құны – 1,2 миллиард АҚШ доллары.

Химиялық кәсіпорынның жұмысы Жамбыл облысында кемінде 1200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.

Бұл жоба Республикалық индустрияландыру картасына енгізілген және 2019 жылғы сәуірде Сарысу ауданында зауыттың мұқтаждықтары үшін қуаттылығы 110 мың шаршы м/сағ. газ құбырының құрылысы басталған. Инвестициялық жобаны "ЕуроХим" минералдық-химиялық компаниясы" ААҚ-тың Қазақстандағы еншілес компаниясы "Еурохим – Қаратау" ЖШС іске асыратын болады. 

Бүгінгі күні "ЕвроХим" фосфорит кен орнын барлау және игеру, жыл сайынғы қуаты 640 мың тонна фосфорит ұнын өндіру бойынша тау-кен кешенін пайдалануға беру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асыруды табысты аяқтады.

"Біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Қол қойылған келісім біздің интеграцияны тереңдету бойынша тағы бір дәйекті қадам. Пандемияға қарамастан, Қазақстандағы жобамыздың іске асырылуы жалғасуда. Біз қазақстандық әріптестеріміз көрсететін қолдау мен ашықтықты өте бағалаймыз, сондай-ақ Ресей тарапынан бір мағыналы қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз", - деп атап өтті "ЕвроХим" компаниясының бас директоры Игорь Нечаев.

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ мамандары атап өткендей, өндіріске жоспарланған өнімді қазақстандық фермерлер тыңайтқыш ретінде, сондай-ақ құс және мал шаруашылығындағы жем қоспаларында белсенді түрде пайдаланады.

"Жоғары сапалы минералды тыңайтқыштар қазақстандық шаруалар арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінде қазақстандықтар пайдаланатын өнімді – 100% импорттық. Импортты алмастыру фермерлерге тыңайтқыштар мен жем қоспаларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы мен сапасына оң әсер етеді", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ жоба жетекшісі Диляра Тектігұлова.

Инвесторлардың айтуынша, ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, Ресей Федерациясына, сондай-ақ Қытайға, Орталық және оңтүстік-шығыс Азия, Таяу Шығыс елдеріне қосылған құны жоғары өнім экспортын ұйымдастыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу