Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 10-шы және 11-ші сынып оқушылары футбол ойнаған.
Жоғары сынып оқушылары жеңіліп, онысын мойындамай, 10-сынып оқушыларын дүкеннің артында жинап, соққыға жыққан. Сол кезде біреуі ашуға беріліп, 10-сынып оқушысының кеуде тұсынан қатты ұрған.
Оқушы есінен танып қалған. Ал үйінде өзін жайсыз сезініп, құса берген, дем алуы да қиындап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін жасөспірім көз жұмған.
Жамбыл облыстық Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
– Жедел-іздестіру шаралары барысында 17 және 16 жастағы екі күдікті анықталды. Олар ұсталып, уақытша қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.