Тараз қалалық №2 сотының шешімімен Талас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы міндетін атқарушы Еркен Абаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақпаратқа" сілтеме жасап.
Сонымен қатар екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан және арнайы атақтарынан айырылды, деп хабарлайды
Сотталушылар өздеріне тағылған айыптарды мойындамай, істің қолдан ұйымдастырылғанын айтып, ақтауды сұрады. Қорғаушылар да айыптау негізінен жәбірленушінің сөздеріне сүйенгенін және іс материалдарында жеткілікті дәлелдердің жоқ екенін мәлімдеді.
Соңғы сөзінде Жайдарбек Құттыбаев құқық қорғау органдарында 29 жыл қызмет атқарғанын айтып, тергеу ұсынған дәлелдер оның кінәсін растамайтынын жеткізді. Ол өзіне қарсы куәлік берген жәбірленуші тергеу барысында бірнеше рет жауабын өзгерткенін де атап өтті.
Ал Еркен Абаев пен оның қорғаушылары айыптаудың даулы айғақтарға негізделгенін алға тартты. Сотта сөз сөйлеген оның әкесі де сараптамалық материалдардан пара беру фактісін дәлелдейтін нақты дерек таппағанын мәлімдеді.
Үкімді жариялаған судья сот процесі барысында куәлардың жауаптары мен өзге де дәлелдер жан-жақты зерттелгенін атап өтті. Сот қорытындысы бойынша айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденген деп танылды.
Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандардың туыстары шешіммен келіспейтіндерін айтып, жоғары тұрған сотқа шағымданатынын мәлімдеді.