Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары қызметтен қуылып, артынша қамауға алынды

226

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында Полиция департаменті басшысының орынбасары қызметтен қуылып, қамауға алынғанын растады.

Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары қызметтен қуылып, артынша қамауға алынды Фото: gov.kz

Министрліктің мәліметі бойынша ол заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті Жамбыл облыстық Полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. 2025 жылдың 29 тамызында ол жағымсыз себептермен жұмыстан қуылған болатын, деп жазылған ресми мәліметте.

Қазір ол күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу