Ал әйелі мейрамханадағы той үстінде өтінішті орындаудан бас тартқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әрі қарай, олар үйге оралған соң, азамат Т. әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған былапыт сөздер айтқан. Осыған ашуланған келіншек күйеуін сотқа береді.
Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер) бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сотта құқықбұзушы Т. өзінің кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ ол да татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот қаулысымен іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.