Жамбыл облысында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия ақшасы ұрланған

162

Прокурорлар агроөнеркәсіптік кешені саласындағы ақша жымқыру фактісін анықтады.  

Жамбыл облысында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия ақшасы ұрланған Фото: top-news.kz

Сарысу ауданында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған 38,1 млн теңге субсидия қаражаты ұрланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады.

2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу