banner

Жамбыл облысында шегіртке 184,5 мың гектар аумаққа таралуы мүмкін

800

Осыған байланысты зиянкестердің алдын алу жұмыстарына 130-ға тарта маман тартылады, 34 бірлік бүріккіш жабдықтар мен 5 ұшақ әзірленді.

Жамбыл облысында шегіртке 184,5 мың гектар аумаққа таралуы мүмкін

20 сәуірден бастап Жамбыл облысында үйірлі шегірткенің 3 түріне: марокколық, итальяндық және азиялық шегірткеге қарсы өңдеу басталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Биыл Жамбыл облысында шегіртке 184,5 мың гектар аумаққа таралуы мүмкін. деген қауіп бар. Болжам бойынша 89,8 мың гектарға – мароккалық шегіртке, 75,9 мың гектарға – итальяндық шегіртке, 18,8 мың гектарға азиялық шегірткенің таралып кету ықтималдығы жоғары болып тұр.

Осыған байланысты зиянкестердің алдын алу жұмыстарына 130-ға тарта маман тартылады, 34 бірлік бүріккіш жабдықтар мен 5 ұшақ әзірленді. Аймақтың 70% жермен және 30% ұшақпен өңделетін болады. 11 мың литрден аса тиімділігі жоғары дәрілік заттар қолданылады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Жамбыл облысында шегірткелермен күресу үшін өңдеудің аумағын ұлғаю шегі байқалып, 345,3 мың гектарға жеткен, ал 2017 жылы 268 мың гектарға дейін өңделді. Өткен жылы таралған шегірткелердің шегі мароккалық шегірткелердің саны мен таралуының артуына байланысты 298,7 мың га-да (2017 жылы 210 мың гектарға қарағанда) байқалды.

Итальяндық шегірткелерге қарсы өңдеу 75,9 мың гектарда (2017 жылы – 38,9 мың гектар, тек 2009-2010 жылдарда 111,6 және 97,8 мың га ұлғаю шегі байқалды) жүргізілмек.

Азиялық шегірткелер биыл азырақ – 18,8 мың гектарға жайылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу