Жамбыл облысында шекаралық бекеттердегі бақылау күшейтілді

654

Қырғыз Республикасымен шектесетін өңірге күніне 800-1000 адам сырттан кіреді. 

Жамбыл облысында шекаралық бекеттердегі бақылау күшейтілді Фото: liter.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев аймақта инфекцияның таралуын алдын алу бойынша жасалып жатқан шаралар туралы сөз қозғады. 

"Жамбыл облысында індеттің таралмауы бойынша көптеген шаралар қолға алынған. Оның ең алғашқысы – сырттан келген жолаушыларды бақылау. Өңір Қырғыз Республикасымен шектесіп жатыр. Бұл шаралар 6 қазаннан бастап жүзеге асырылды. Облыста 4 шекаралық нүкте бар, орта есеппен күніне 800-1000 адамға дейін облысымызға кіреді. Оның ішінде транзиттік жолаушылар және Жамбыл облысы аумағына баратындары бар. Оларда 3 күнге жарамды теріс ПТР-тест нәтижесі болса ғана ары қарай жіберіледі", – деді ол. 

Ал тест нәтижесі жоқтары карантиндік стационарларға оқшауланып, қажетті талдаулар жасалады. Қазіргі кезде Қордай ауданында, Мырзатай ауылдық жерінде, Рысқұлов ауданында стационарлар ашылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу