Жамбыл облысында сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды

534

Қауіпті ауруды жұқтырған үш ауылдың тұрғыны ауруханада жатыр.

Жамбыл облысында сібір жарасынан бір ауыл карантинге жабылды Фото: yandex.kz

Жамбыл облысындағы екі ауданнан сібір жарасының ошағы анықталып, бір ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Талас ауданы, Тамды ауылына төрт түлікті кіргізіп, шығаруға тиым салынған. 

Сондай-ақ ауру белгісі Жуалы ауданы, Көлтоған ауылының тұрғынынан да анықталды

Қазір ветеринария мамандары аурудың ошағын анықтағанымен, оның жұқтырған жерін таппай жатыр. Мал сойған аумақ қоршалып, топырағы залалсыздандырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу