Жамбыл облысында су қоймаларын салу қажет

1261

Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында су тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа су қоймаларын салу қажет деп отыр.

Жамбыл облысында су қоймаларын салу қажет

Биыл Шу және Талас өзендері бассейндеріндегі қар қорының аздығынан тапшылықтың артуы мүмкін екені жағдайды қиындатып отыр. 

"Барлық су қоймаларының техникалық-экономикалық негіздемелеріне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу мәселесі қарастырылуда. Алайда салалық министрлікпен тиісті өтінімдер жолданғанымен, бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отыр. Су қоймаларын салу тек вегетациялық кезеңде Қырғыз Республикасына тәуелділікті азайтып қана қоймай, Жамбыл облысының Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне үлкен әсерін береді, сондай-ақ осы аудандардың тұрғындары арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге де көмектеседі", – деді депутат. 

Сенатор сонымен қатар құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, өндірістің рентабельділігі 30 пайыздан асып, жалпы өнімнің өсімі шамамен 17 млрд теңгені құрайтындығын және 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсаруы күтілетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу