Жамбыл облысында су қорының 50 гектар жері мемлекетке қайтарылды

119

Аса өзенінде жергілікті атқарушы органдар белгілеген су қорғау белдеулерінің шекараларына қарамастан пайдалы қазбалар өндірілгені анықталды.  

Жамбыл облысында су қорының 50 гектар жері мемлекетке қайтарылды Фото: gov.kz

Табиғат қорғау прокуратурасы су қорының 50 гектар жерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Негізгі бағыты экологиялық мәдениетті және бизнестің табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру болып табылатын "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде прокуратура су заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Бұл әрекеттер өзен арнасын өзгертіп қана қоймай, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупін тудырды.

Прокурорлық қадағалау актілері мен енгізілген хабарламалардың негізінде жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке су қорының 50 гектарға жуық жерін қайтарды. Әкімдік су қорғау аймақтары мен белдеулері режимінің сақталуын бақылауды күшейту, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауда.

Су және экологиялық заңнаманы бұзу фактілері бойынша 11 жер қойнауын пайдаланушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша прокурорлық қадағалау өрескел бұзушылықтарды жойып қана қоймай, адамдар мен аймақтың экологиясы үшін ықтимал салдардың алдын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу