Жамбыл облысында үй жанындағы алқаптан 140 келі қарасора тәркіленді

318

50 жастағы тұрғынның үйіне жүргізілген тінту кезінде 14 түп қарасора табылған.  

Жамбыл облысында үй жанындағы алқаптан 140 келі қарасора тәркіленді Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысының Гродеково ауылында полиция қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізілген. Нәтижесінде үй іргесіндегі жүгері алқабынан 14 түп қарасора өсімдігі табылды. Тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 140 келіні құрады.

Аталған дерек бойынша құрамында есірткі заттары бар, егіп-өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу