Жамбыл облысында ұрланған жылқылар GPS арқылы табылды

283

Жуалы ауданы полиция бөліміне мал иесінен жайылымнан 11 бас жылқының жоғалғаны туралы хабарлама түсті.  

Жамбыл облысында ұрланған жылқылар GPS арқылы табылды Фото: qaz-media.kz

Мал иесі жылқыларға алдын ала орнатылған GPS бақылау құрылғысы арқылы олардың белгісіз бағытқа қарай қозғалып бара жатқанын байқап, дереу 102 нөміріне хабар берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің алдын ала сөз байласуы арқылы ұрылар ірі мөлшерде малды жасырын жымқыру бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Хабарлама түскен сәттен бастап аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісіп, түнде қар аралас жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан, GPS деректері негізінде күдіктілердің бағытын анықтап, ізін кесті.   

Нәтижесінде ұрланған жылқылардың көрші ауыл аумағында жасырылғаны анықталып, 11 бас жылқы заңды иесіне толықтай қайтарылды.

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында мал ұрлығына қатысы бар күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау және ұстау бағытында жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу