Жамбыл облысында жанар-жағармайды елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

194

Жыл басынан аймақта осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі тоқтатылды.  

Жамбыл облысында жанар-жағармайды елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полиция жанар-жағармайды елден заңсыз шығарудың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасып шығарудың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

Жамбыл облысының Қордай ауданында жекелеген азаматтардың автокөліктерді заңсыз қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнату схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Осы тәсіл арқылы отын көлемі оны елден заңсыз әкетіп, кейіннен қайта сату үшін жасанды түрде көбейтіледі. Жыл басынан бері Жамбыл облысында осындай 300-ден астам құқық бұзушылық фактісі тоқтатылды.

"Барлық заң бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. жүргізушілер жауапкершілікке тартылып, мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынып, анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін автокөліктер арнайы айып тұрақтарына қойылады. Заңсыз орнатылған құрылғылар тексеру барысында бірден мәжбүрлі түрде алынады. Сонымен қатар көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз оларға қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет көрсету станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылуда", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу