Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

424

47 және 30 жастағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.   

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында екі азаматтан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, 8 желтоқсан күні  полицейлер Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Ваз-2121" автокөлігін тоқтатты.

"Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан екі қапшық гашиш есірткі заты табылды. Сондай-ақ оқиға орнынан 2 км жерде целлофаннан екі күркеше жасап, 36 қап марихуана, 1 қап гашиш есірткі заттарын жинап қойғаны анықталып, есірткі құралдарын илейтін екі елек табылды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асады. Атап айтқанда, 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу