Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Алайда қыз ана атанғанын толық түсінбейді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Информбюро" жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Анасының да, баласының да жағдайы, дендері сау. Енді тиісті ұйымдарға тапсырылады. Бұл өзінің тұрғылықты жеріндегі емханада ары қарай бақылау жүргізіледі. Ана мен балаға 1 ай көлемінде көмек көрсетілді", – деді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлзада Әшірбаева.
Жеткіншектің жақындары оны топтасып зорлады деген күдіктілердің әлі бостандықта жүргенін айтып, қылмыстық істің бір жылдан бері сотқа жетпегеніне наразы.
Қыздың анасы тергеу барысында қысым көргенін айтып, күдіктілер тарапынан кешірім беруге мәжбүрлеген.
Анасының айтуынша, "қоғамдық резонанс тудырта берме, балаларыңды қайта балалар үйіне алып кетеміз" деп қорқытқан соң үнсіз отыруға мәжбүр.
Ал, полиция сәбидің әкесі болуы мүмкін 7 күдікті бар екенін растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ДНҚ сараптамасын жүргізу үшін жәбірленушінің босануын күткен.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бір жылға созылған қылмыстық іс енді сотқа жолданбақ, ал жәбірленуші тарап барлық кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.