Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелестен 15 жастағы бала көз жұмды

412

Жамбыл облысының Байзақ ауданында жасөспірімдер арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы төбелестен 15 жастағы бала көз жұмды Фото: diapazon.kz

Оқиғаға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Полицияның мәліметінше, жанжал 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған.

Кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал төбелеске ұласып, 2011 жылы туған жасөспірім жарақат алған.

Жарақат салдарынан жасөспірім қайтыс болған. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында", – деп хабарлады полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу