Жамбыл облысында жол ережесін бұзғандар жасырын камералармен анықталады

153

Жамбыл облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Парк-Райт" атты 10 мобильді жасырын патрульдеу кешені жұмыс істеуде.

Жамбыл облысында жол ережесін бұзғандар жасырын камералармен анықталады Фото: polisia.kz

Аталған аппараттық-бағдарламалық кешендер облыс аумағындағы барлық автожолдарда қолданылып, жол ережесінің бұзылуын автоматты түрде тіркейді.

Құрылғылардың ерекшелігі – олардың орналасқан орны жасырын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 1099 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1669 адам түрлі дене жарақатын алған. Жол апаттарының басты себептерінің бірі  жылдамдықты асыру.

Мобильді бақылау кешендерін қолдану жол-көлік оқиғаларын, әсіресе қозғалысы тығыз аймақтарда азайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Полиция барлық жүргізушілерге жылдамдықты сақтауға, қауіпсіз арақашықтық ұстануға және жолда мұқият болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу