Жамбыл облысында жолдар жабылды

1219

Республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент" тас жолының Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы учаскесі жабылды.

Жамбыл облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдың Айша-бибі селосынан бастап Түркістан облысына дейінгі бөлігі жабылған.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі жағдай әкім бақылауына алынғанын хабарлады.

Қазір 26 автомобиль қардан тазартылып, 140 адам эвакуацияланған, олардың 8-і – бала. Жолда қалғандар Айша бибі ауылына жеткізіліп, ыстық тамақ беріліп, көмек көрсетілуде.

"Шұғыл желі" жұмыс істеуде, сондай-ақ шұғыл штаб құрылған.

Сондай-ақ Қаратау мен Жаңатас қалалары арасындағы Күйік-Қарабастау- Қаратау-Жаңатас-Саудакент облыстық маңызы бар жолдары жабық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу