Жамбыл облысындағы 3 оқушының қазасы: "Система" деген бейресми топтың жігіттері ұсталды

160

Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі жойылды.

Жамбыл облысындағы 3 оқушының қазасы: "Система" деген бейресми топтың жігіттері ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысының арнайы прокурорлары Қордай ауданы Қаракемер ауылында оқушылар арасындағы бопсалау және үш кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, істі сотқа жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратура үш баланың өлімінде өзара байланыс барын, яғни, оларды бір үлкен топтың жігіттері бопсалағанын растады. Анықталғандай, ауылдағы мектеп оқушыларын "Система" деген топтың жігіттері бопсалаған көрінеді.

"Тергеу барысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында өзіндік иерархиясы, мінез-құлық және бағыну қағидалары, сондай-ақ жазалау тәртібі бар "Система" деп аталатын бейресми құрылым әрекет еткені анықталды. Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы бопсалау әрекеттері мен үш кәмелетке толмағанның қазасы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екенін көрсетеді", – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Осылайша, үш оқушының қазасына күдікті ретінде екі жігіт, яғни, оларды қорқытты және өзін-өзіне дейін жеткізді деген баптармен екі жігіт ұсталған.

"Тағы бес күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3)-тармақтары бойынша сараланып, оларға өзге бұлтартпау шаралары қолданылды. Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі жойылды", – деп мәлімдеді прокуратура.

Іс қазір сотта жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу