Жамбыл облысындағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алды

355

Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жамбыл облысындағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алды Фото: istockphoto.com

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқыс оқиға 6 қаңтарда әскери міндетті орындау кезінен тыс уақытта болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер казарманың сыртында таңертеңгі тексеру кезінде сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттады. Зардап шегуші тез арада әскери госпитальға жеткізілді, онда оған жедел медициналық көмек көрсетілді", – деп жазылған хабарламада.

 Сарбаз медициналық мамандардың бақылауында, дейді әскерилер.

Зардап шегушінің айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия оқиға орнына барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу