Жамбыл облысындағы химия зауытында 2 жұмысшы қаза тапты

183

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Жамбыл облысындағы химия зауытында 2 жұмысшы қаза тапты Фото: hronika.kz

Қайғылы жағдай Тараз қаласындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің жазуынша, жұмысшылардың бірі ыстық жыныстың сыртқа төгілуінен көз жұмса, тағы бір адамды тыңайтқыш шығаратын зауытта ауыр жүк көлігі басып кеткен. Екеуі де "Қазфосфат" компаниясы құрамына кіретін кәсіпорындарда болған.

Қайғылы оқиғаның бірі 29 қаңтарда Жаңа Жамбыл фосфор зауытында тіркелген. №5 цехта пешпен жұмыс істеу барысында ыстық жыныс сыртқа төгілген.

Бұдан өзге тағы 3 адамның денесі ыстық фосфорға күйіп қалған. Зардап шеккендердің барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылардың бірінің денесінің 45%-ы химиялық заттармен күйіп қалғаны анықталды.

Дәрігерлердің сөзінше, жансақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы өте ауыр болған. Медицина қызметкерлері қанша тырысқанымен, ер азамат ауруханада жан тапсырды.

Тағы бір қайғылы оқиға тыңайтқыш шығаратын зауытта болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізушіні ауыр жүк көлігі басып кеткен. Ер азамат сол жерде қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр. Ал, "Қазфосфат" компаниясы кәсіпорындардағы кісі өліміне қатысты ешқандай ресми мәлімет таратқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу