Жамбыл облысындағы күн электр станциясы қуаттылығын арттырды

3147

Өткен жылы мамандар 127 миллион киловат сағат өнім  өндірсе,  биыл екі станциядан 150 миллион киловатт сағат электр қуатын алуды жоспарлап отыр. 

Жамбыл облысындағы күн электр станциясы қуаттылығын арттырды

Қуаттылығы 50 мвт-ты құрайтын "Бурное Солар-2", жарты жылда 46 миллион киловат сағат электр қуатын өндірді, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда жалпы 377 мың күн панельдері орнатылған. Әрбір тақтайшаның қуаттылығы – 260-270 ватт. Негізі жоба екі кезеңде жүзеге асырылып отыр. Алғашқысы Индустрияландыру картасының екінші бес жылдығында салынып, 2015 жылы 50 мегаваттық қуатпен іске қосылған. Екінші бөлігінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріліп отыр. Қазір мұнда 377 күннен қуат өндіретін арнайы панельдер орнатылып, қуат екі еселенді.

Өткен жылы мамандар 127 миллион киловат сағат өнім  өндірсе,  биыл екі станциядан 150 миллион киловатт сағат электр қуатын алуды жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз 70 мың үйге жететін қуат көзі- дейді мамандар. 

"Заманауи станция толықтай автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Панельдер Германия мен Қытай елдерінен әкелінді. Күннен өндірілген өнім қосалқы станцияға өтеді. Біздің болжам бойынша мұнда жылына 150 миллион киллиоват сағат электр қуатын өндіруі тиіс. Барлығы ауа райына байланысты әрине", – дейді күн электр станциясының инженері Игорь Кан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу