Жамбыл облысындағы мектеп-интернатта балалардың құқығы бұзылған

295

Облыстық білім басқармасына заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жолданды.    

Жамбыл облысындағы мектеп-интернатта балалардың құқығы бұзылған Фото: Inbusiness.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі өңірдегі интернаттардың бірінен көп заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Меркі ауданына жұмыс сапары барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Гранитогорск кентіндегі көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатында болды. 

"Уәкіл өкілі оқу орнын аралау барысында көптеген заңбұзушылықты анықтады. Мәселен, мұнда ішкі бейнебақылау камералары жазылмағаны, күнделікті тамақ үлгілері толық сақталмағаны, білім алушылар жатқан бөлмелер қажетті жиһазбен жабдықталмағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп-интернаттың жатақханасы тиісті талаптарға сай емес. Іссапар қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі облыстық білім басқармасына анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар жолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу