Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі

510

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жамбыл облысындағы президент резиденциясы балалар игіліне берілетін болды.  

Жамбыл облысындағы Президент резиденциясы балаларға беріледі Фото: khabar24.kz

Ғимаратты күтіп ұстауға бір жылда 50 млн теңгеге жуық ақша жұмсалады. Бұл шығындар облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы тарапынан қаржыландырылады, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Алып кешеннің әзірге нақты қандай мекеме болары белгісіз. Облыс билігі бұл мақсатта арнайы топ құрып зерделеуді бастап кетті. Резиденция шаһардан 15 шақырым жерде орналасқан.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз облысқа қарасты нысанға арнайы балаларға мекеме ашатын боламыз. Қазіргі уақытта зеределеу тобы құрылды білім басқармасы негізінде. Сол зерделеу тобы барлық жағдайды көріп, нысанды аралап, біз мүгедек балаларға береміз ба, санаторийге береміз ба, жазғы лагерге береміз ба, ол бойынша нақты шешім қабылданатын болады", - деді облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсінбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу