ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қаза болуын тергеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қорғаныс министрінің бұйрығымен комиссия құрылып, оны Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев басқарды. Осы орайда, оқиғаның мән-жайы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр, – деді Асқар Мұстабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу