Жамбыл облысындағы шекарада тыйым салынған заттар тәркіленді

190

Олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы бар.    

Жамбыл облысындағы шекарада тыйым салынған заттар тәркіленді Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі 14 желтоқсанда Жамбыл облысының "Айша-бибі" өткізу пунктінде есірткі заттарының ірі партиясын тәркіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды.

– Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 келіден асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг. Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу