Жамбыл облысында жер сілкінісіне байланысты жедел желілер іске қосылды

171

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жамбыл облысында жер сілкінісіне байланысты жедел желілер іске қосылды Фото: ТЖМ

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірдегі жағдай талқыланды.

"ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста. Азаматтардан сабырлық сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:

ҚР ТЖМ командалық орталығы: 8 7172-55-96-21

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу