Жамбыл облысының әкімі халық алдында есеп берді

1390

Жамбыл облысының әкімі халық алдында есеп берді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп берді, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

"2017 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталды. Есепті кезеңде 368 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өсім – 1,8 пайызды құрады. Инвестиция 5,5 пайызға көбейді. Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында 13,0 млрд теңгеге инвестиция тартылған, 10 жоба іске асырылып, 716 жаңа жұмыс орны құрылған, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, болашақта кәсіпорындарды қайта жаңғыртып, олардың қуаты мен жүктемесін көтеру үшін нақты жоспарлар қабылданып, өнеркәсіп саласының аймақтық картасы жасалмақ. Шағын және орта бизнеске баса көңіл бөлінеді. Жергілікті жерлердегі шағын және орта деңгейдегі кәсіпорындарға  қолдау көрсету күн тәртібіне енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу