Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді

415

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Шу қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді Фото: Polisia.kz

 

Жедел қызметкерлер ұсталған адамның үйін тексеру кезінде шөп қорасынан тыйым салынған заттардың жасырынған орнын тапты. 3 қап пен 1 пакеттің ішінде 28 келі 920 гр кептірілген марихуана, 980 гр гашиш сақталған.

Сондай-ақ каннабисті ұнтақтауға арналған елек пен электрондық таразыны табылды.

"Бұл деректі анықтау көп мөлшердегі есірткінің таралуының алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады", – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу