Жамбыл өңірінде 88 мектеп аттестациядан өтпеген

409

Биыл Жамбыл облысында 88 жалпы орта білім беретін мектеп мемлекеттік аттестациядан өтпей қалған. 

Жамбыл өңірінде 88 мектеп аттестациядан өтпеген Фото: businessmir.kz

Аттестациялаудан өту міндеттелген 92 білім ошағының тек төртеуі ғана бірінші сынақтан сүрінбей өтіп, тиісті сертификатын алды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты аттестатталмаған 88 мектептің 53-і бұзушылықтарды жойған соң, екінші рет қайта тапсырғанда ғана аттестаттаудан өтіп отыр.

Жамбыл облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Үскімбаеваның айтуынша, қалған 35-і белгіленген мерзімде қайта аттестациялаудан өтуге өтінім тапсыратын көрінеді.

 Жалпы биыл 32 колледж, 92 мектеп және 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс болған.

Колледждер арасында бес колледж бастапқыда, ал 27-і қайтадан тапсырып жатып, аттестаттаудан өткен.

"Балабақшалар арасында 17-сі бірінші сынақта аттестатталды, 43-і өтпей қалды. Барлық бұзушылықтарды жойғаннан кейін ғана мектепке дейінгі мекемелер толық аттестацияланды. Аттестаттаудан өтпей қалған білім мекемелеріндегі анықталған бұзушылықтар мыналар: перспективалық жоспар мен циклограмманы дұрыс жүргізбеу, оқушылардың даму мониторингісінің болмауы, күн тәртібін дұрыс құрмау, оқу жұмыс жоспарларының сәйкес келмеуі", - дейді Д.Үскімбаева.

Өңірдің білім беру ұйымдарындағы мәселе – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарының сақталмауы ғана емес. Жамбылда лицензиялау талаптарына сәйкес келмейтін білім беру ұйымдары да бар болып шықты.

Бүгінде дейін 116 білім беру мекемесін лицензиялаудан бас тартылған. Есепті кезеңде лицензия, лицензияға қосымша алуға және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге қатысты 202 өтініш қаралған.

202 өтініш бойынша 17-сіне бас лицензия берілген. Оның төртеуі – мемлекеттік, 13-і жекеменшік мектептер.

Сондай-ақ 19 лицензияға қосымша берілген. Ал 50 лицензияға қосымша қайта ресімделіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу