Жамбыл Жабаевтың 178 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс өтті

343

Тараз қаласында "Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым" республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.  

Жамбыл Жабаевтың 178 жылдық мерейтойына орай республикалық айтыс өтті Фото: gov.kz

Жыр бәйгесінде 16 айтыскер ақын бақ сынады, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде тараздық ақын Қанат Мырзахан үздік деп танылып, бас жүлдені (1,5 млн теңге) иемденді. І орын (1 млн теңге) павлодарлық ақын Аспанбек Шұғатаевқа бұйырса, жүлделі ІІ орынға (750 мың теңге) жамбылдық Дархан Әбдіманат жайғасты. Ал ІІІ орынды Алтыкүл Қасымбекова мен Әсем Ережеқызы өзара бөлісті.

Сондай-ақ адалдықты жырлаған ақжайықтық ақын Мейірман Шәкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Бұдан бөлек, жыр додасына қатысқан барлық ақындарға Алғыс хат пен 200 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу