Жамбылда 4 жыл бұрын ашылған саябақтың халі мүшкіл

368

Оған бюджеттен 34 млн теңге бөлінген.  

Жамбылда 4 жыл бұрын ашылған саябақтың халі мүшкіл Фото: inbusiness.kz

Жалпы 2019 жылы ауданнан саябақ ашуға 10 гектар жер телімі бөлінген болатын. Қомақты қаржы қарастырылып, аумағы да тегіс қоршалған.

Бір жылдан астам уақыт бұрын "Таза табиғат" акциясы аясында аудан бойынша 3 500 тал көшеті отырғызылған. Бірақ сол шыбықтардың дені өнбей, өспей қалды.

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековтің айтуынша, қазір саябақтың құрылысы бюджеттік қолдау таппауына байланысты тоқтаған.

Жобаны қайта жалғастыру үшін қайта жобалау жұмыстары қолға алыныпты.

"2021 жылы 755 мың теңгеге 155 сәндік ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын "Береке" жеке кәсіпкерлігі жүргізді. Талдарды күтіп ұстау шаралары тиісті деңгейде ұйымдастырылмағандықтан, егілген тал көшеттерінің 20 пайызы ғана өнген. Жоспар бойынша, саябақ аумағында заманауи үлгідегі аудандық орталық кітапхана, аудандық орталық мұрағат, жасөспірімдер демалыс кешенінің құрылысы және инженерлік желілерін жүргізу үшін жобалық құжаттары әзірленуде", - дейді Н.Несіпбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу