Жамбылда әкімдік қызметкері атылған күйінде табылды

754

 Жамбыл облысында әкімдік қызметкері өзін-өзі атқан, деп хабарлайды Atameken Business.      

Жамбылда әкімдік қызметкері атылған күйінде табылды

1983-ші жылы туған азамат Қаратау қаласы шетіндегі аялдама алдынан табылды. Марқұм Талас ауданы әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде сектор меңгерушісі болған. Полицейлер тұрғынның өз-өзіне қол жұмсағанын айтады. Белгілі болғандай, қару қаза болған азаматқа тиесілі. Криминалдық полиция бөліміндегілер оқиға орнынан 12 калибрлі қосауыз мылтық тапқан. Ал көлігінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен қозғалған қылмыстық іске қатысты хаттама көшірмелері табылды. Ол оқиғадан бір күн бұрын куәгер ретінде сұрау алуға шақыртылған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу