Жамбылда орган трансплантациясын күтіп жүрген 141 науқас бар

262

Кейінгі 5 жылда өңірде 33 науқасқа орган трансплантациясы жасалған. 

Жамбылда орган трансплантациясын күтіп жүрген 141 науқас бар Фото: рехеls

Жамбыл облысында жүзден астам науқас орган трансплантациясын күтіп отыр. Олардың басым бөлігі – бүйрек дертіне шалдыққандар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбектің айтуынша, қазір өңірде орган трансплантациясын күтіп жүрген 141 науқас тіркелген. Олардың ішінде 131 азамат бүйрекке зәру. 

"Тіркелген 131 адамның 127-сі ересек болса, 4 науқас жасөспірім санатына жатады. Бауыр дертіне шалдығып, үмітін үкілеп отырған 9 адам бар. Жүрегі сыр берген 8 азаматтың жетеуі ересек, біреуі бала", – дейді Сержан Назарбек.

Басқарма басшысы келтірген дерекке сүйенсек, кейінгі бес жылдың бедерінде өңірде 33 науқасқа орган трансплантациясы жасалған. 2024 жылы мәйіттік донордан алынған бір бүйрек трансплантациясы жүзеге асқан.

"Мәйіттік донор мәселесі қай кезде де назардан тыс қалмайды. Әйтсе де біздің өңірде бұл үдеріс сирек жүзеге асады. Оның негізгі себебі, қаза тапқан науқастың туысқандарының келісім бермеуі. Жұрттың үрке қарауы салдарынан мәйіттік донорлық мәселесі сирек кездеседі", – дейді басқарма басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу