Жамбылда тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық бекет ашылды

282

Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне 2 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбылда тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлық бекет ашылды Фото: Polisia.kz

Бекеттің ашылу салтанатына Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, Қордай ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдос Тобышақов және басқа да ардагерлер қатысты.

Жаңа нысанда бейнебақылау ішкі және сыртқы жағынан тәулік бойы жүргізіледі. Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон, дабыл түймесі бар. Патрульдік полиция қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бейнетіркегіштер және планшеттермен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, шара барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне 2 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.

"Жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында біздің алдымызға қол жетімділікті, жеделдікті, жан-жақтылықты қамтамасыз ету, көмек көрсетудің кез келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимылды нығайту міндеті қойылды. Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандағы стационарлық бекет құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияның “қадамдық қолжетімділік” қағидатын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді", – дейді Қордай АПБ бастығы Әлімхан Қарымсақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу