Қайғылы оқиға киім ауыстыратын бөлмеде тіркеліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Таразда 15 жастағы мектеп оқушысын қатыгездікпен ұрып-соғу оқиғасы бойынша тергеу жүргізілуде. Оған бірнеше бала шабуылдап, көмектескісі келген басқа жасөспірімдердің бөлмеге кіруіне жол бермеген.
Оқиғаның мән-жайы, яғни, төбелестің кейбір көрінісі мектепте орнатылған бейнебақылау камераларына таспаланып қалған.
Зардап шеккен оқушы бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Өкініштісі сол, дәрігерлер оның зақымданған көзін аман сақтап қала алмады.
Полиция Қылмыстық кодекстің "Қасақана ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Әзірше тек бір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жасөспірімді ұрып-соққан өзгелерінің неге қамалмағаны айтылды.
– Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға қатысушының барлығының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция департаменті.
Сонымен қатар, полиция шабуыл жасаған мектеп оқушыларының ата-аналары да кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауап беретінін жеткізді.