Жамбылда жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші автокөлігінен айырылды

418

Құқық бұзушы 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.  

Жамбылда жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші автокөлігінен айырылды Фото: polisia.kz

Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырғаны анықталды.

Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу