Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен екі дүркін Азия чемпионы атанды

737

Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Ұлан-Батор бозкілемінде ол 72 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. "Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді.

Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді. 

Нәтижесінде, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын. 

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өздерінің салмақ дәрежесінде барлық балуандармен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды. Жәмила аталған жүйе бойынша барлық қарсыласын бірдей жеңіп, уақытынан бұрын алтынға қол жеткізді. Бұл Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу