Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

101

Оның пікірінше, жаңа Конституцияны қабылдау – қоғамның дамуы мен мемлекеттің жаңаруына жол ашатын шешім. 

Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы жаңа Конституцияны қолдауға шақырды Фото: Жаңа адамдар

"Жаңа адамдар" қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап, алдағы референдум ел болашағын айқындайтын маңызды саяси қадам екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда алдағы референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі қоғамдық пікірталастар жалғасып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайтына таратылған баспасөз хабарламасында айтылды. Қозғалыс өкілдерінің пікірінше, құжат елдің алдағы стратегиялық дамуына бағыт-бағдар береді.

Жаңа Конституция мемлекеттің одан әрі дамуының негізі ретінде қарастырылып отыр. Онда прогресс, өркениеттік даму, технологиялық серпіліс, цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту сияқты бағыттарға ерекше мән берілген. Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы ашықтығы, мәдениетаралық келісім мен бейбітшілік қағидаттары да маңызды құндылық ретінде атап өтіледі.

Қозғалыс белсенділері еліміздің әр өңірінде азаматтарды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуға шақырып келеді. Олар референдум арқылы әрбір қазақстандықтың ел болашағына ықпал ету мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

"Жаңа адамдар" қозғалысының көшбасшысы Асель Баденованың айтуынша, референдум – әр азаматтың өз позициясын білдіретін маңызды тарихи сәт.

"Бізге дамыған Қазақстан қажет. Мен жаңа Конституцияға дауыс беремін және баршаңызды 15 наурыз күні өтетін референдумда осы жобаны қолдауға шақырамын. Референдум – әрбір азамат “мен өз елімнің болашағы туралы шешім қабылдауға қатыстым” деп айта алатын мүмкіндік", – деді ол.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу