"Жаңа Алматы" бағдарламасы үшін 800 млрд теңге бөлінеді

978

Бұл қаражат бес жылға шақталған.

"Жаңа Алматы" бағдарламасы үшін 800 млрд теңге бөлінеді

Оңтүстік астананың шет аймақтарын дамытуға негізделген "Жаңа Алматы" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 800 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Алматы қаржыгерлер форумында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Сонымен қатар, шаһар басшысы аталған қаржы бес жылға есептелгенін нақтылап өтті.

"Алматының бюджеті 500 млрд теңгеден асады. Бұл қаржының басым бөлігі ағымдағы шығындарға жұмсалады. Оның ішінде қала инфрақұрылымын дамыту мен әлеуметтік мәселелер бар. Жаңа нысандар салу мен ескі ғимараттарды қалпына келтіруге 100 млрд теңге қарастырылған. Ал қаланың шет аймақтарын дамыту үшін біз "Жаңа Алматы" бағдарламасын жасадық. Бес жыл ішінде аталған жобаны жүзеге асыру үшін 800 млрд теңге қажет",– деді Бақытжан Сағынтаев.

Сол себепті қала басшысы инвестициялар тарту мен бизнесті дамыту маңызды екенін атап өтті.

"Әсіресе, инвестициялық даму қорымен әріптестік орнатуға дайынбыз. Бұл бюджетке салықтың көптеп түсуін, қала экономикасына қаржы салатын алматылықтардың әл-ауқатының жоғарылауын қамтамасыз етеді",– деді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу