Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлік тәртібі өзгереді

310

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу аясында мұрагерлік құқыққа қатысты заңнаманы жетілдіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлік тәртібі өзгереді Фото: ЖИ

Атап айтқанда, мұрагері болмаған жағдайда мүліктің мемлекет меншігіне өту тәртібін реттейтін нормалар қайта қаралмақ. Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы Азаматтық кодексте мұраның мемлекет меншігіне берілуіне және мемлекеттің мұрагерлік қатынастарға қатысуына қатысты бірқатар мәселе толық реттелмеген.

"Конституцияда меншік және мұрагерлік құқығы бекітілген. Алайда азаматтың мұрагері болмаған жағдайда оның мүлкінің жеке меншіктен мемлекет меншігіне өтуіне байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін нормаларды жетілдіру қажет. Қазір осы мәселені де талқылап жатырмыз", – деді министр Құрылтайда жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін.

Бұған дейін жаңа кодекс жобасында шарттық қатынастарды реттеу тетіктерін қайта қарау жоспарланып отырғаны хабарланған еді. Сонымен қатар тұтынушыларды шарттағы әділетсіз талаптардан қорғау шараларын күшейту көзделген.

Бұдан бөлек, заңнамалық реформа аясында азаматтардың қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұғылмауын және дербес деректерін қорғау мәселелеріне басымдық беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу